Оқытушыларына алғыс білдірді

Ұстаз әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» тұлғасы қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Университетіміздің «Бастауыш білім және өнер» факультетінде ұстаздар күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер ұлағатты ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Оқытушыларына арнап өлең жолдары мен жақсы тілектерін жаудырды. 1-ші курс студенттері өздерінің сүйікті ұстазы А.Сарсекенованың ұстаздық өмір жолына тоқталып, еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Еңбегі ерен оқытушылар қауымы А.Ш. Доспенбетова, Г.А. Жаппарова, А.Сарсекенова У.Х. Мажитов және Б.Б. Мейірбеков «Алғыс хаттармен» марапатталды.