Халықаралық пәндік студенттік олимпиадасы

2025 жылдың 24-сәуір күні 6В04101-«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің Халықаралық пәндік студенттік олимпиадасы Алматы қаласы, «Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде өтті. 
«Экономика және басқару» кафедрасының 6В04101 – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы білім алушыларынан құралған «Баланс+» атты командасы «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша олимпиадаға белсенді қатысып Розкулова Севинч Розматовна – «6В04101 – Есеп және аудит», Ахмедова Мафтуна Достмуратовна – «6В04103 – «Экономика» 2 курс студенттері сертификатпен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.м., аға оқытушысы Абдурахманова З.А. Жасан Г.Ж. алғыс хаттармен марапатталды.
Олимпиаданың өткізу мақсаты - дарынды жастарды анықтау және қолдау.
«Экономика және басқару» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! 
 

Оқиға категориялары