Халықаралық байланыс нығайды
- 1 view
Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік химия-технологиялық институтында өткен «ІІ Ташкент халықаралық заманауи білімдер» конгресінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Беларусь елдерінен қатысқан профессор-оқытушылар бір-бірімен достық диалог орнатты.
Осынау халықаралық басқосуда Tashenev University мен Ташкент мемлекеттік химия-технологиялық институты арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясындағы меморандум түзілді. Онда білім берудің сапасын дамытуға бағытталған әртүрлі жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен профессор-оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты жолға қою, сондай-ақ, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру мәселелерін көздеген ынтымақтастық шаралары бар.
Сонымен қатар, осы іссапар барысында Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институтында делегация құрамындағы Қазақстанның Өзбекстандағы «Достық» елшісі, филология ғылымдары докторы, доцент Хулкар Хамроева мен Tashenev University аға оқытушысы Салимжон Ганиев және дарынды ақын-жазушы, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Сенатының депутаты Фарман Тошев арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Мұнда болашақта екі оқу ордасы арасында бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру жобалары жоспарланды.
Осынау ынтымақтастық шаралары барысында екі мемлекеттің жоғары оқу ордаларының профессор-оқытушылары арасында бекітілген келісімінің тармақтарын жүзеге асыру мақсатында қызу диалогтар өрбіді. «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау» мамандығы үшін бірлескен оқу кешендерін дайындау жүзеге аспақ. Университетіміздің Халықаралық қатынастар және шетел студенттерімен жұмыс атқару департаментінің директоры Шахло Наралиева осы шаралардың басы-қасында жүрді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет