Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам
- 1 view
Мектеп және университет: мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам
2025 жылдың 21 ақпан күні Жетісай ауданы Білім бөліміне қарасты №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының бітіруші сынып оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты сырлы сұхбат, әдеби кеш және «ХХІ ғасыр және Абай ілімі» деген тақырыпта ашық лекция өтті.
Мамандық - бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.
Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал.
Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Мамандық таңдау уақыт пен түсінікті қажет етеді. Біз өзіміздің әлсіз және күшті қасиеттерімізді, қабілетімізді, мінезіміздің ерекшеліктері туралы мақсатты түрде ойлануымыз керек.
Сондықтан мен мектеп оқушыларымен кездескенде, олардан «өздеріне ұнайтын» мамандықты таңдауларын сұрадым. Кейбір жастар ақын не жазушы болғысы келеді, бірақ шын мәнінде жазғысы келетіндер аз, сондықтан мамандықты емес, қызмет түрін таңдау керек. Кім болғыңыз келетіні емес, Не істегіңіз келеді?
Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Мысалы, ең көне мамандықтардың бірі – Ұстаздық. Ол қай уақытта да сұранысқа ие болған және бола бермек. Өйткені, білім адамзатты әрқашан алға жетелейді.
Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Таңдау жасамас бұрын, «Болашақ мамандығыңыздан не күтесіз?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Көп нәрсе осыған тікелей байланысты.
Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек Сізге ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады.
4 сағатқа созылған әдеби-сазды кеш барысында мектеп оқушылары Абай өлеңдерін оқыды, ұлы ақынға деген сүйіспеншілігін арнау өлеңдері арқылы жеткізді. Ашық, еркін форматқа құрылған кездесуде Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің даму болашағы, артықшылығы, мүмкіндігі, оқытудың өзіндік әдіс-тәсілі жөнінде толық мағлұмат берілді, бейнебаян көрсетілді. Студенттік шақ туралы қызықты әңгіме өрбіді. Оқушылар мен ата-аналарды, мұғалімдерді толғандырған көп сұрақтарға жауап берілді.
Туған жерге тағзым ете отырып, жас өркенге мамандық таңдауда, өзіндік қабілетін бағалауда бағыт-бағдар берерлік тамаша кездесу өтті деп есептейміз.
Түйіндей келе, жастарымыздың болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауын сұранамыз. Бұл - әрбір жастың өміріндегі маңызды сәт! Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді.
Тағылымды кездесуді, әдеби кешті ұйымдастырған «Қайнар» мектеп-гимназиясының ұжымына, осы ұжымды басқарып отырған талапты да талантты, білгір де қайраткер, өзі де, жаны да сұлу, нәзік әріптесім Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызына алғысым шексіз!
Абенова Ләззат - Жұмабек Ахметұлы Тәшенев
университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»
кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.,
филология ғылымдарының кандидаты
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет