SU Debate

Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 2 команда қатысты. Білім алушылар "Бұл үй, теледидар комппютерден маңызды деп санайды " тақырыбында пікір таластырды. 

Пікірсайысқа  4 команда қатысып, 2 команда іріктелді. 

Іріктеуден өткен 1-команда өз кейсін сәтті құрды. Спикер жетістіктердің дені теледидарға қарағанда компьютерлік жұмыстармен болатынын, оның болашақтағы пайдасына назар аударды. Өз сөздерін 3 аргументпен толықтырып, негізгі ойын нақтылап көрсетті. 

2-ші команда керісінше қарсылас команданың барлық  аргументтерін құлатуға күш салып, бірқатар факттарды келтірді. Тіпті кейбір  даңқты адамдар компьютерді пайдаланбай-ақ көп жетістіктерге жеткендігін мысалға келтірді. Қарсы тарапқа лайықты жауап қайтара алды. 

Екі команданың пікірлерін тыңдағаннан кейін, сөз сарапшыға берілді. Сарапшы командалардың ойынын, дайындықтарын жоғары бағалап, бірқатар сәттерге тоқталды. 

Пікірсайыс соңында қатысушылармен көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде Жақтаушы тарап жеңіске жетті.

Теги: