Тазалыққа үлес қосты

«Tashenev University «Тазалық –саулық негізі, саулық-байлық негізі» атты университет деңгейінде тазалық акциясын өткізді.
«Технология және дизайн» факультетінің «Химия және биология» кафедрасы ұйымдастырған тазалық акциясына оқу ордамыздың оқытушылары мен студенттері түгелге жуық атсалысты.
Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың парызымыз. Әрқашанда айналамызды таза ұстап, табиғатты қадірлеп қастерлеуге міндеттіміз. Осынау шараның маңыздылығын сезінген университет ұжымы жыл сайын күз және көктем маусымында оқу ордамыздың ауласын, айналасын тазартып тұруды әдетке айналдырған. Биылғы дәстүрлі сенбілікте педогогтар мен студенттер университет ауласын тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, ағаш жапырақтары мен қоқыстан тазартты.
Осылайша Tashenev University де қоршаған ортаны тазарту шарасында жаппай белсенділік танытты.