Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ демекші 2022 жылдың 17 қазан күні Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнайы білім министрлігі және Әлишер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ұйымдастыруымен Жоғары білім мекемелерінің шетелдік өзге ұлт студенттері ортасында Халықаралық өзбек тілі  мен әдебиеті онлайн пән олипиадасы өте жоғары деңгейде өтті.
Тапсырмалар 2 кезеңнен тұрды: сурет бойынша эссе жазу және ауызша әңгімелесу. Қатысушылардың білімін өзбек тілі мен әдебиетінің мамандары болып табылатын шетелдік және өзбек ғалымдары бағалады. Шынайы және достық рухта, сонымен қатар, талапшыл сынақтарға студенттер ықыласпен қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қатысушылар жеке және командалық есепте жеңіске жетіп, I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.
Жұмабек Тәшенев атындағы университетіміздің Педагогика және филология факультеті, Филология кафедрасының «Шетел тілі:екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері: Зулайхо Собирова, Мардона Махсатова, Айгул Амановалар ұжым болып тәлімгер ұстазы Шахло Наралиевамен белсенді қатысып, олардың жұмыстары жоғары бағаланып, Мардона Махсатова, Айгул Амановалар жүлделі І орынды, Зулайхо Собирова ІІ орынды, командалық есепте Қазақстан құрамасы 3-орынды иеленді.
Әр тіл достықтың елшісі болсын! Достық ынтымақтастық мәңгілік болсын!