Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы
- 1 view
«Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті. «Тарих», «География-тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысушылар ең алдымен Тәуелсіздік үшін күресте шейіт кеткен ата-бабаларымызды және кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Алғаш болып сөз алған тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның профессоры Бекмұрат Найманбаев қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестерінің, әсіресе 1986 жылғы Желтоқсаннның кейбір «ақтаңдақтарына» тоқталды. Іс-шараны жүргізген университет доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабай Мейірбеков ұлтымыздың ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне, халқымыздың тәуелсіздікке қалай жеткеніне және тәуелсіздіктің жаршысы, бастауы болған – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын атап өтті:
Тарихқа көз жіберсек, қазақ қазақ болып қалыптасқанға дейін де, қазақ болғаннан кейін де осынау қара шаңыраққа ие болып қалған ер түрік ұрпағының ең ұлы мұраты да, ең асыл құндылығы да – жері мен тәуелсіздігі болыпты. Қазақтың өз тарихындағы бүкіл күресі өз Отаны, атамекен жері үшін және оның тәуелсіздігі мен азаттығы үшін болған екен.
Бүгінгі Тәуелсіздік! Ол – ХХ ғасырда күш білекте емес, білімде екенін ұғынып, қолға қылыш емес, қалам алып, қараңғыда ұйықтап жатқан қазаққа «Оян, қазақ!» деп ұран тастап, оны оқу-білімге шақырып, ұлттық рухын, ұлттық санасын оятумен бірге, өздері де ұлттық мүддені ту ғып ұстап, Алаш партиясын, Алашорда үкіметін және Алаш автономиясын құрып, саяси күрес аренасына шыққан, кейіннен тоталитарлық жүйенің құрбандарына айналған Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған алаш қайраткерлерінің күрескерлігінің арқасы! Тәуелсіздік! Бұл кеңестік тоталитарлық, тар таптық, солақай саясаттың кесірінен голощекиндік ашаршылыққа ұшырап, шыбындай қырылған қазақтың мұндай бассыздыққа шыдамай, шыбын жаны қалғанша арпалысқан 372-дей көтерілістерінің, сондағы төгілген қан мен көз жасының сұрауы!
Тәуелсіздік! Ол кеңестік тоталитарлық жүйенің көбесін сөгіп, тәуелсіздік алуымызға тікелей жол ашқан, ұлт-азаттық күрестерінің заңды жалғасы әрі соңғысы – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің және ондағы «Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық, Атам десең – атыңдар!» - деп тоталитарлық жүйеге қаймықпай қарсы тұрған қазақтың батыр ұланы – Қайрат, кешегі Әлия мен Мәншүктердің сіңлілері – Сәбира мен Ләззат секілді жалынды қайсар жастарының мұзда жанған алау болып жалындаған қайсар рухтарының жемісі!
Шара аясында қатысушыларға Желтоқсан оқиғасы туралы әсерлі бейнебаян ұсынылды. Одан соң кафедраның аға оқытушысы, ғылым магистрі Ақбота Тұрғымбаева, сондай-ақ белсенді студент-жастар да Тәуелсіздік туралы, Желтоқсан туралы өз ойларымен бөлісіп, ақжарма тілектерін білдірді. Салтанатты жиын соңында шырқалған «Жаса, Қазақстан!» әні қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, отаншылдық рухын оятып, рухани ләззат сыйлады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет