Conversation Club ашылды

Студенттер арасында асыға күткен әрі сүйікті Conversation Club Ташенев Университетінде «Ағылшын тілі» кафедрасының базасында ашылды!

«Ағылшын тілі» кафедрасының қолдауымен студенттерге Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқытушысы, ағылшын тіл тасушысы Javans Ochieng-пен интеллектуалдық сұхбатта өздерін көрсетуге ерекше мүмкіндік берілді.

«Келешектегі мамандықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге 6B01703 – «Шетел тілдері (IP) » беру бағдарламасының студенттері қатысты. Сұхбат барысында студенттер таңдап алған мамандықтарының перспективалары мен артықшылықтарын белсенді талқылап, қызықты идеялармен алмасты, ағылшын тілінде еркін әрі сауатты түрде сөйлеуді үйренді. Студенттер үшін ең есте қаларлығы – пікірталасу.  Студенттер өз сөздерін дәлелдеп, қарсыластарының пікірлерін тыңдаудағы дағдыларын көрсетті.

Оқытушы Жеңіс А.Б. басшылығымен интеллектуалды тақырыптық викторина ұйымдастырылды. Студенттер бірінші орын үшін бәсекелесіп, өз таланттары мен қабілеттерін максималды түрде көрсетуге тырысты. Студенттерді алда тағы да көптеген ұмытылмас сәттер мен ораторлық шаралар күтіп тұр.