Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды
- 1 view
Биылғы жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың бірі – Президент Н.Ә.Назарбаев жариялаған 5 әлеуметтік бастама. Мемлекет басшысының бағдарламасы жас ізденушілер арасында талқыланды. Жас отан жастар қанатының мүшесі, "Елбасы серіктестері" ұйымының жетекшісі М.Бектеміс әлеуметтік бағдарламаның әр бөліміне тоқталып, өзіндік пікірін білдірді.
Мемлекеттік маңызы бар бастаманы насихаттауға бағытталған іс-шараға "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы К.Ә.Исаева қатысып, қоғамның өзекті мәселелерінің қатарын шешугеарналған бағдарламаға қатысты тұжырымын білдірді:
"Жастар – біздің болашағымыз", - деп Елбасы бекерге айтпаған. Бүгінгі таңда Сіздерге үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Сол мүмкіндіктердің ішінде Сіздер зерделеп отырған осы бағдарламаның маңызы зор. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруде Үкіметтің "7-20-25" бағдарламасы қарастырылп жатыр. Қазіргі жас отбасылардың негізгі мәселесі – баспаналы болу. Мемлекет осы тұрғыдан Сіздерге үлкен мүмкіндік жасап отыр.
Мемлекетке қызмет ететін әрбір болашақ оқытушы-педагогсыздар. Сіздер көптің көзін ашқан сайын берекелеріңіз арта түседі. Қабылданып жатқан бағдарламаға зер салып, пайдаланыңыздар".
"Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту", "Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту", "Шағын несие беруді көбейту", "Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру" мәселелері де жиын барысында студенттерге түсіндіріліп, талқыланды.
Студент жастар Елбасы жолдаған тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластыратынына сеніміміз мол.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет