«Сенім жәшігі» қойылды

«Tashenev Jastary» және «Auezov Jastary» қоғамдық қорлары бірлесе отырып қала жастары арасындағы қылмыс буллинг және психатропты есірті заттарының алдын алу мақсатында «Сенім жәшігі» жобасы аясында студенттермен кездесу болып өтті.

Басқосуды «Auezov Jastary» қоғамдық қорының төрағасы Қуаныш Нұрлыислам жүргізіп отырды. Қазіргі таңда қоғамда жастардың қылмыс бұзушылығы көбейіп тұрғанын айтып өткен ол психатропты есірткінің телеграмм арқылы да саудаланып жүргенін жеткізді. Сонымен бірге, қалада мопедпен жеткізуші қызметінде жүрген жастардың көптеп кездесетінін де жасырмады.

Студент жастарды осындай теріс әрекеттерден сақ болуын ескерткен Қуаныш Нұрлыислам егер есірткі тасымалдаушылар туралы білсе сыртқа қойылған «Сенім жәшігіне» толықтай ақпаратты қағаз жүзінде жазып қалдыруды өтінді. Ақпарат қалдырушы өзі туралы айтпаса да болатынын, ең бастысы жастарды мұндай қоғамға зиян келтіретін әрекеттерден арашалап алуды мақсат тұту қажеттігін атап өтті.

Сенім жәшігіне қалдырылған хат әр айдың соңында ашылып, ондағы ақпарат бойынша құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс жасағанда есірткі тасымалдаудың, құқық бұзушылықтың алдын алынып, дер кезінде шара қолданылады.