Жас ғалымдар кеңесінің кезектен тыс жиыны болып өтті
- 1 view
Ақпан айының 8-жұлдызында Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры г.ғ.к., доцент А.Д.Тажекова "Жас ғалымдар" кеңесінің кезектен тыс жиынын өткізді.
Университеттің ғылыми істер бойынша маманы, "Жас ғалымдар" кеңесінің төрағасы Н.А.Аманбаев профессор-оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебіне тоқталды.
Кафедралардың ғылыми-зерттеу бағыттары, оның ішінде "Ортағасырлық "Үтіртөбе", "Күлтөбе" тарихи қалалары", "Ақпаратты жүйелерді бағдарламалау", "Ауыз суға санитарлық-бактериологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулерді жүргізу" тақырыбындағы қаржыландырылатын жоба жұмыстары жүзеге асырылып келе жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге, барлық кафедралардың зерттеу бағытындағы жұмыстарына, профессор-оқытушылардың импакт-факторы жоғары басылымдар мен нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда БЖҒМ БЖҒ саласындағы бақылау комитеті тізбесіндегі журналда, алыс және жақын шет елдердегі халықаралық конференцияларда жарияланған мақалаларға, профессор-оқытушылар құрамының ғылым саласындағы жетістіктеріне тоқталып өтті.
Жиын барысында бүгінгі таңда ғылымда орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтылып, қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға г.ғ.к., доцент А.Д.Тажекова жауап берді. Алдағы жоспарлардың орындалуына жас ғалымдар өз үлестерін қосып, нығайтатынын сөз етті.
"Жас ғалымдар" кеңесінің кезектен тыс жиыны ғылымның ілгері дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет