Tashenev University дайындық орталығы жұмысын бастады

Тәшенев университетінде Шымкент қаласындағы 10-11-сыныптарды ҰБТ-ға дайындайтын орталық өз жұмысын бастады.
Білім алушыларға 3 міндетті (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы) және 2 таңдау пәні бойынша сабақ оқытылады.
Орталық оқытушылары Шымкент қаласындағы тәжірибелі және білікті мамандардан таңдалып алынған. Білім мен техника қарыштап дамып жатқан заманның ағысына ілесіп келе жатқан білікті ұстаздар жас өскіннің бойына білімді тез және еркін сіңіруіне көмектеседі. Талапкерлер алдағы ҰБТ-ы кезеңдерінде өздерінің бағын сынап көре алады.
5 қыркүйек күні сағ: 15:00-де басталатын алғашқы және осы аптадағы сабақтар тегін өтетінін еске саламыз. Келесі аптадан бастап, оқуды одан әрі жалғастыруға ниет білдіргендер орталыққа тіркеліп, оқу ақысымен келісім жасап, пәні бойынша белгіленген уақытта келе береді. Барлық оқу материалдары тегін таратылады. Дайындық орталығы Тәшенев университетінің Қонаев көшесі 21 «а» үйдегі бас ғимаратында орналасқан.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында талапкерлер білім гранты үшін Тәшенев университетін таңдау мүмкіндігін алды. Яғни, білім гранты берілген еліміздегі жекеменшік оқу орындарының арасындағы санаулы университеттердің қатарында біздің Tashenev University де бар. Университет жанындағы дайындық орталығынан дәріс алғандар келешекте ҰБТ қортындысымен еліміздің өзге де жоғарғы оқу орындарымен қатар, Tashenev University-ін де таңдай алады.