Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
- 1 view
«QAZAQ-BILIM CENTER», Қазақстан Республикасы Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасымен, Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп ҚР мемлекеттік құрылымдары мен жұртшылығының инклюзивті қызметін қолдау мақсатында «Балалармен жұмыстағы проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық конференцияға Қазақстан, Польша, Ресей, Болгария, Украина, Өзбекстан және Белоруссия сияқты елдердің оқу орындары (ЖОО, колледж оқытушылары, психологтар, дефекологтар, медицина және әлеуметтік қызметкерлер, мамандандырылған мекемелер қызметкерлері) 410-нан астам тыңдаушы қатысты.
Пленарлық мәжілісте «Сырдария» университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры философия докторы (PhD) П.А. Абдуразова баяндама жасады.
Өз баяндамасында П.Абдуразова Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен қатысушыларды құттықтады. Конференция қатысушыларына Syrdariya University туралы бейнеролик көрсетілді.
Біздің ЖОО оқыту әдістемесі, инклюзивті және дуалды білім беру саласында іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады.
Университет Шығыс Еуропаның, Балтық елдерінің, ТМД елдерінің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен, Орталық Азия өңірінің елдерімен, оның ішінде біздің әріптесіміз болып табылатын Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысының Чирчик мемлекеттік педагогикалық институтымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Бұл жоғары оқу орны білім беру саласында жоғары білікті кадрларды даярлаумен айналысатын Орталық Азиядағы ең ірі оқу орны болып табылады -деді П.А. Абдуразова.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет