ТӨЛЕГЕНОВА Дина

7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газет, №24 (24) 19.06.2009 жыл, 7 бет

Дина ТӨЛЕГЕНОВА - Университетіммен мақтанамын

Төрт жыл ішінде «Сырдария» университетінде сапалы білім алып, білікті маман бола алғаныма қуанамын.

Ол үшін университеттің профессор-оқытушыларына дән ризамын. Олар бүгінгі күн талабына сай кредиттік жүйе негізінде бітіруші түлектерге, яғни біздерге, өз кәсіби білімдері мен біліктерін ешбір аянған жоқ.

Университет өткен жылы өзінің алғашқы 10 жылдың мерейтойын лайықты атап өтті. Оған өзіміз куә болдық.

Еліміздің түкпір-түкпірінен айтулы ғалымдар келді. Олар біздің университет жөнінде өте жақсы лебіздерін білдірді.

Шынында да, қаладағы жоғары оқу орны сыртқы сымбатымен, сәулетімен күн санап көріктеніп келеді.

Дәрістер мен семинарлар және өзге де оқытудың ақпараттық технологиялары заман талабына сай келетіндігі көңілді көншітеді.

Мен өз университетіммен мақтанамын.

 

Дина ТӨЛЕГЕНОВА, университет түлегі.

Бітіру жылы