Хабарландыру

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Кәсіптік білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24-25 ақпан аралығында Шымкент қаласының 11-сынып оқушыларының арасында әнге әуес, өнерді бағалай білетін шығармашыл жастарды қолдай отырып, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Әуеле, әуен!» атты конкурстың болатынын хабарлаймыз!

Ұялы байланыс нөмірі: 87026288392, 87472467675
Instagram: Saz_music.2025
Почта:tnurlybekkyzy@ mail.ru

 


«Әуеле,әуен!» Қала аралықөнер байқауының ЕРЕЖЕСІ


Өтетін орны: Шымкент  қаласы. «Ақ үй» корпусы, Желтоқсан 3/10
Іріктеу кезеңі: 24 ақпан 2025 жыл 
Басталуы: сағат10.00 
Өтетін уақыты:25 ақпан 2025 жыл 
Басталуы: сағат 10.00 
Ұйымдастырушылар: «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет»АҚ
 «Саз және ән» кафедрасы
Қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 17 ақпанға дейін 

Жүлделі орын:  (Тәшенев тартуы  оқу грантына 2-орын)
Бас жүлде 
I-орын(2)
II-орын(2)
ІІІ-орын (3)
Жүлделі орын  иегері кубокжәне дипломмен марапатталады. 
Әр қатысушылар мен  жетекшілері  Алғыс хатпен марапатталады

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: 
- Байқау ән өнерін  сақтау және дамыту мақсатында өткізіледі;
- Өнерлі оқушыларды анықтау, 
-оқушылардың шығармашылығын дамыту; 
-жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу,өнерге деген құштарлығын арттыру;
- Өнерлі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу; 
- Қала аралық  деңгейде шығармашылық байланыс орнату, нығайту; 
- Балалармен жұмыс жасаудың үздік нәтижесін көрсету, насихаттау; 
- Өнерге баулу мақсатында балалар шығармашылығына күш-жігерін арттыру, ынталандыру, ықпал ету; 
- Ж.А.Тәшенев университетімен  таныстыру, заманауи шығармашылықты дамыту.
- Әнге әуес,өнерді бағалай білетін,шығармашыл оқушыларды іріктей отырып,оларды қолдап,демеу көрсету. 


Жас ерекшеліктері: 
11 сынып мектеп оқушыларының арасы

Қазылар алқасы 
- Қатысушылардың өнері кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасының жабық дауыс беруі арқылы бағаланады. 
- Қазылар алқасының құрамында өнер саласының тәжірибелі мамандары,ән  байқаулардың жеңімпаздары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері болады. 

Қатысушылардың өнері төмендегі критерийлер бойынша бағаланады: 
- орындаутехникасы; 
- музыкалықбезендіруі; 
- сахна мәдениеті;
- өзін сахнада еркін ұстауы;
- дауыс диапазоны;
-әннің мазмұнын ашуы;
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып саналады және талқыланбайды, қайта қаралмайды! 
Техникалықталаптар: 
 Флешкаформаттақабылданады. 

Байқауғақатысужарнасы: Тегін

Жалпыталаптар
- Байқаудыңдайындығы, ұйымдастыруы мен өткізудіұйымдастыруалқасыіскеасырады; 
- Қатысушылар сахна мәдениетін сақтамаған жағдайда әділ-қазылар алқасы
 тарапынан қатысушыларды марапаттамауға, балл жүйесін төмендетуге құқылы; 
- Байқауда қатысушылардың  сахнаға шығу реттілігі алдын-ала жасалынған регламенттке байланысты іске асырылады. 
- Ұйымдастырушылар байқауды өткізу шарттарын өзгертуге, ережелерге толықтырулар енгізуге құқылы. 
- Репертуарды байқаудың басталуына 7 күн қалғанға дейін өзгертуге болады. 
- Қатысушылар, педагогтар, ата-аналар дұрыс емес мінез-құлық көрсетіп, ұйымдастырушылар мен қазылар алқасына сыйластық танытпай, дөрекілік көрсеткен жағдайда байқауға қатыстырылмайды. 
- Байқау кезінде жоғалған заттар үшін ұйымдастыру алқасы жауап бермейді, қатысушылардың себебінен заттар мен мүліктерге зиян келген жағдайда шығын қатысушылар есебінен өтелетін болады. 

Өтінімдер: tnurlybekkyzy@mail.ru электронды почтаға қабылданады. 

Оқиға категориялары