
Тоғызқұмалақ үйірмесі
Тоғызқұмалақ үйірмесі

«Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Тоғызқұмалақ үйірмесі» жұмыс жасап келеді. Жетекшісі – ғылым магистрі, аға оқытушы Юсупов Алымжан Равшанович. Үйірменің жылдық жоспары бекітілген, үйірмеге 80 білім алушы қатысады. Білім алушылар тоғызқұмалақ ойынының ережелерімен, тоғызқұмалақ ойнау дағдыларымен, эстетикалық мәдениетті дұрыс қалыптастырумен және дұрыс тыныс алу ережелерімен танысып, қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта білім алушылар мен университеттер арасындағы жарыстарда үйірме мүшелері жүлделі орындарға ие болып, университетіміздің атын шығарып жүр.