«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ»
2026-04-01
Медиатека / Жаңалықтар / «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ»
2026 жылдың 1 қантар мен 30 қантар аралығында «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 6В04103 «Экономика», 6В04101 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері - Ахмедова Мафтуна, Розкулова Севинч Астана қаласындағы " Халықаралық даму орталығында «Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсына» қатысты, экономика бағыты бойынша, ғылыми жобаның тақырыбы: ««QazHubEco» Қазақстанда материалдарды қайта пайдаланудың экологиялық орталығы»».
Конкурсқа қатысқан үшін студенттеріміз І - дәрежелі диплом алды, ғылыми жетекшілер: магистр, аға оқытушы Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна және Сапарбаева Эльмира Абтихаймовна грамотамен марапатталды.
Студенттердің конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысуы - ол өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске серпін береді, онда ғылым мен танымға деген шынайы қызығушылық тудырады, студенттердің жалпы кәсіптік пәндерді оқу кезінде алған білімдері мен дағдыларын дамытады, бұл кәсіптік даярлыққа жоғары нәтиже беруі тиіс, сонымен қатар студенттердің жеке дамуының білім беру ортасы ғана емес, сонымен қатар оқытушылардың жеке және кәсіби өсуі.
«Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқытушылар мен студенттерін шын жүректен құттықтаймыз!


