РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ АУЫЗАШАР
background

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ АУЫЗАШАР

2026-03-14

Медиатека / Жаңалықтар / РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ АУЫЗАШАР

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ АУЫЗАШАР
Бүгін Ж.А. Тәшенев университетінің Басқарма төрағасы, академик, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан облысының Құрметті азаматы Оңалбай Аяшевтің бастамасымен Шымкент қаласындағы Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешітте қасиетті Рамазан айына орай ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шараға университет ұжымы, зиялы қауым өкілдері және қоғамның құрметті азаматтары қатысып, жалпы саны 300-ге жуық қонақ бас қосты. Бұл рухани кеш – бірлік пен бауырмалдықтың, ізгілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісіне айналды.
Ауызашарға арнайы келген құрметті қонақтардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов, Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының және Жамбыл облысының экс-әкімі Асқар Мырзахметов, Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заңгер-ғалым, профессор Бекет Тұрғараев және басқа да елге белгілі тұлғалар болды.
Жиналған қауым қасиетті Рамазан айының мәні мен маңызы, сабыр, шүкіршілік, қайырымдылық пен адамгершілік құндылықтары жайында жылы лебіздерін білдіріп, ел бірлігі мен амандығы үшін ақ тілектерін арнады.
Осындай рухани басқосулар қоғамдағы татулықты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі болып табылады. Рамазан айындағы сауапты істердің бірі – ауызашар беру дәстүрі халықты ізгілікке, өзара қамқорлық пен бірлікке үндейді.
🤲 Алла Тағала баршамыздың ұстаған оразамызды, жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етіп, елімізге тыныштық, халқымызға амандық, әр шаңыраққа береке мен бірлік нәсіп етсін.