2026 жылдың 25 ақпан күні «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен 1 курс студенттеріне
background

2026 жылдың 25 ақпан күні «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен 1 курс студенттеріне

2026-02-25

Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылдың 25 ақпан күні «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен 1 курс студенттеріне

2026 жылдың 25 ақпан күні «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен 1 курс студенттеріне «Студенттердің ғылыми жұмыстарды жазуга, шығаруға үйрету, ғылыми жобаларға қатысу жайлы кеңес беру туралы» атты тақырыбында ғылыми-зерттеу семинары өткіздік.

 Іс-шараның өткізу мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту – олардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытудың маңызды құралы. Студенттерді ғылымға баулу – олардың жеке және кәсіби дамуына жасалған маңызды қадам. Университет қабырғасынан шыққан жас ғалымдар қоғамның жаңа мүмкіндіктерін ашатын негізгі күшке айналады. Ғылым – болашақтың негізі, ал сол болашақты қалыптастыратын жастар!

Студенттердің ғылыми мақалаларды жазуға үйрету және ғылыми жетекшлерін таңдауға бағыт беру туралы э.ғ.к., аға оқытушы Демесинова Азиза Адильбековна түсіндірді.

Студенттердің ғылыми - зерттеу жобаларға қатысу туралы магистр, аға оқытушы Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна белгілі бір бизнес жоспарды мысал келтіре отырып, оны есептеу жолдарымен баяндады.

Білімді адам – мүмкіндіктері шексіз адам. Ғылым арқылы біз өзіміздің шекараларымызды кеңейтіп, мүмкін емес нәрселерді мүмкін ете алатынын студенттерге жеткіздік.

«Ғылым: кеше, бүгін , ертең» ғылым – біздің өткенімізді түсініп, бүгінімізді жақсартып, болашағымызды құрудың негізгі құралы екенін талдап берді. Университет – тек білім алатын орын ғана емес, ғылым мен жаңалықтың ордасы.