АШЫҚ САБАҚ
background

АШЫҚ САБАҚ

2023-12-12

Медиатека / Жаңалықтар / АШЫҚ САБАҚ

 

2023 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 10:30-да 6B01509-География тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы ЕП-20-4к, 6B01601-Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы ЕП-21-2к топтарының 3–4 курс білім алушыларына оқытушы Дүйсенова Р.Қ. «Бағалаудың өлшемдік технологиясы» пәні бойынша «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи талаптарын түсіндіру, критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін көрсету және бағалау құралдарын құрастырудың әдістемесін меңгерту болды.

Сабақ барысында қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлері, бағалау критерийлері мен дескрипторларды әзірлеу жолдары, кері байланыс беру тәсілдері жан-жақты қарастырылды. Білім алушылар топтық жұмыстар арқылы бағалау тапсырмаларын құрастырып, рубрикалар жасап, нақты оқу жағдайларына талдау жүргізді.

Оқытушы интерактивті әдістер мен тәжірибелік тапсырмаларды тиімді пайдаланып, теориялық білімді практикалық әрекетпен ұштастырды. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

Ашық сабақ болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және бағалау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәжірибелік алаң болды.