Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және талантты жастарды тарту
2026-02-17
Медиатека / Жаңалықтар / Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және талантты жастарды тарту
17.02.2026 күні 6В04201- Құқықтану БББ, 414- дәрісханада, 3-4 курс білім алушылары арасында "Құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және талантты жастарды тарту мақсатында білім алушылармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында білім алушыларға мемлекеттік қызметке қабылдаудың пилоттық жобасы, оқуды үздік аяқтап, мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасу мүмкіндіктері туралы айтты.


