📚 Ашық сабаққа шақыру
background

📚 Ашық сабаққа шақыру

2026-02-20

Медиатека / Жаңалықтар / 📚 Ашық сабаққа шақыру

📚 Ашық сабаққа шақыру

Күні: 19.02.2026

Өтетін орны: “Арман” гимназиясы

Сынып: 2 «А» сыныбы

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Зат есім»

Өткізілген уақыты: 12:15

Сабақ барысында оқушылар зат есім туралы теориялық білімдерін бекітіп, зат есімге тән сұрақтарды дұрыс қою, сөздерді мағынасына қарай ажырату және оларды сөйлем ішінде орынды қолдану дағдыларын жетілдірді. Сабақ белсенді оқыту әдістері мен практикалық тапсырмалар негізінде ұйымдастырылды. Оқушылар оқу әрекетіне белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытты.

Ашық сабақ бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға, тілдік қорын дамытуға және грамматикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.

Мекенжайы: Сасбұқаева 118

Сабақты өткізетін: ПИК 23-5к7 студенті Шакенова Айжан

Ашық сабаққа қатысқан:

Әдіскер, п.ғ.к., профессор Кенжебекова Р.И., сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуын жоғары деңгейде бағалап, кәсіби ұсыныстарын білдірді.