«Виртуаландыру технологиялары» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Виртуаландыру технологиялары» пәнінен ашық сабақ өтті

2023-03-27

Медиатека / Жаңалықтар / «Виртуаландыру технологиялары» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Бикөбеков Ерлан
Тақырыбы: Виртуалды шындық объектілері

 

2023 жылғы 27 наурызда аға оқытушы Бикөбеков Ерлан ИЭФ-21-9к тобына «Виртуаландыру технологиялары» пәні бойынша «Виртуалды шындық объектілері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты - студенттердің виртуалды шындық технологиялары саласындағы теориялық білімдерін тереңдету, виртуалды объектілерді құру және басқару принциптерін меңгерту, сондай-ақ практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқытушы виртуалды шындық объектілерінің құрылымы, түрлері және олардың практикалық қолданылуы туралы толық ақпарат берді. Студенттерге виртуалды ортада объектілерді орналастыру, олардың қасиеттерін баптау, интерактивтілігін қамтамасыз ету және визуалды эффектілерді қолдану жолдары көрсетілді. Теориялық материал нақты мысалдар мен практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді, бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға ықпал етті.