Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2026-01-06

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

«ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ

«Педагогикалық және гуманитарлық білім беру»  факультеті

«Педагогика және психология»  кафедрасы

 

«Педагогика және психология» кафедрасында 28.10.2025 ж. кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Айткулова Н.Ж. «Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас тұжырымдамалары» пәні бойынша 6B01302-Бастауыш білім беру (IP)   білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері, ПиК-24-5р тобы үшін ашық дәрістік сабақ өткізді.

Ашық дәрістің тақырыбы: «Педагог тұлғасының психологиясы»

Сабақ түрі: Дәрістік сабан

Өткізу әдістері: Интерактивті дәріс, сұрақ-жауап, миға шабуыл, талдау

Өткізу форматы: Топтық жұмыс, кейс-талдау, рефлексия

Көрнекі құралдар: Слайдтар, бейнематериалдар, презентация, постер

Жаңа материалды меңгеру. Сабақтың мазмұны мен өту барысы

Ашық сабақ жоғары педагогикалық білім берудің заманауи талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, жоғары әдістемелік деңгейімен ерекшеленді.

Дәріс барысында оқытушы пәнді терең меңгергенін көрсете отырып, теориялық материалды педагогтың кәсіби қызметінен алынған практикалық мысалдармен шебер ұштастырды.

Сабақтың негізгі мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби психологиялық мәдениетін қалыптастыру, коммуникативтік және интерактивтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі педагогикалық өзара әрекеттесудің рөлін саналы түрде ұғындыру болды.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер жүзеге асырылды:

педагогикалық өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың мәнін ашу;
педагогикалық коммуникацияның негізгі түрлері мен деңгейлерін талдау;

типтік коммуникативтік қиындықтарды анықтау және оларды еңсеру жолдарын қарастыру; студенттердің аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін, ынтымақтастық пен диалогқа бейімділігін дамыту.

Оқытушы заманауи білім беру технологияларын, мультимедиялық презентацияларды, бейнематериалдар мен көрнекі ресурстарды кеңінен қолданды.

Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «миға шабуыл», «сұрақ-жауап» әдістері, сондай-ақ педагогикалық қарым-қатынас жағдайларын рөлдік модельдеу тәсілдері пайдаланылды.

Сабақтың практикалық бөлімінде студенттер мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне байланысты нақты педагогикалық кейстерді талдап, тиімді коммуникация құру және педагогикалық әдепті сақтау бойынша ұсыныстар әзірледі. Талқылау өзара құрмет пен кәсіби қызығушылыққа негізделген жағымды ахуалда өтті.

Рефлексия кезеңінде «Бір сөзбен» әдісі қолданылып, студенттер өз әсерлерін білдіруге, жеке белсенділігін бағалауға және оқу үдерісіне қатысу тәжірибесін саралауға мүмкіндік алды.

Оқытушы сабақтың қорытындысын шығарып, педагогтің кәсіби қызметіндегі эмпатияның, этика мен қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын атап өтті.