Ашық сабақ
2025-12-29
Ж.Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және және бастауыш мектепке білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Г.О.Амирова 12.12.25 ж. «Көркем жазу мәселелері» тақырыбы бойынша семинар сабағын өткізді. Семинар сабақ бойынша қойылған мақсат -міндеттер орындалды, сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың құрылымы оқу бағдарламасына толық сәйкес келіп мақсаттары мен күтілетін нәтижелері нақты айқындалды. Оқытушы көркем жазудың мәселелеріне нақты шолу жасады. Көркем жазудың принциптеріне, қойылатын талаптарына проблемалық тұрғыдан тоқталып, нақты әдістермен шешуге тырысты. Семинар сабақ барысында тақырып бойынша презентация ұсынылды, пікір-талас әдісі қолданылды.
Жазу ілімінің тарихына тоқталып, зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалынды. Шетелдік зерттеулер мен қазақ ғалымдарының еңбектеріне тоқталды. Көркем жазуда оқушыға қойылатын талаптар сараланды. Оқушы тарапынан жүргізілетін амалдар талқыланды.


