«Цифрлық трансформация және инновациялық технологиялар – заманауи білім берудің басты құралы» тақырыбындағы оқу- әдістемелік семинар
2025-12-24
2025 жылдың 18 желтоқсанында Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Цифрлық трансформация және инновациялық технологиялар – заманауи білім берудің басты құралы» тақырыбында жас оқытушылар арасында оқу-әдістемелік семинар өтті. Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Ш. Аширбекова семинар бағдарламасымен таныстырып, сөз кезегін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің оқу-әдістемелік орталығының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хамитова Барна Махаматовнаға берілді. Барна Махаматовна өз баяндамасында бүгінгі таңдағы білім беру сапасын арттыруды, әрі оған аса мән беруді, дәрісте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керектігін айтып өтті.
Білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің инновациялық тәсілдері мен негізгі мәселелері талқыланып, өзара тәжірибе алмасу мен пікір-сайыс орын алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс берілді. Спикерлер мен қатысушыларға сертификат табысталып, алғыс білдірілді.



