2025 жылдың 19 желтоқсанында Ташенев университетінде жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау үшін «Бір өлең - бір сахна» халықаралық байқауы және халықаралық ғылыми мақалалар байқауы н2тижес3 қорытындыланды.
background

2025-12-21

Медиатека / Жаңалықтар / 2025 жылдың 19 желтоқсанында Ташенев университетінде жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау үшін «Бір өлең - бір сахна» халықаралық байқауы және халықаралық ғылыми мақалалар байқауы н2тижес3 қорытындыланды.

2025 жылдың 19 желтоқсанында Ташенев университетінде жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау үшін «Бір өлең - бір сахна» халықаралық байқауы және халықаралық ғылыми мақалалар байқауы н2тижес3 қорытындыланды.

«Бір өлең - бір сахна» байқауы жастар арасында поэзияға, әдеби тілге және сахна мәдениетіне қызығушылықты ояту, шығармашылық әлеуетті дамыту және ұлттық және заманауи құндылықтарды насихаттау үшін ұйымдастырылса, халықаралық ғылыми мақалалар байқауы филология, лингвистика және мәдениетаралық диалог салаларындағы студенттер мен жас зерттеушілердің академиялық әлеуетін дамытуға бағытталған. Екі байқау да Жұмабек Ташенев университетімен, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығымен бірлесіп өткізілді.

Екі байқауға да Қазақстан мен Өзбекстаннан 100-ден астам жас қатысып, білімдерін сынады, олардың ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарын қоса алғанда, 69 қатысушы түрлі жүлделерге ие болды.

Жеңімпаздарды Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі, ф.ғ.д., профессор Хулкар Хамраева, «Достық» қауымдастығы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орифжон Холназаров, Шымкент қаласы Әл-Фарабий ауданы УЭМБ-ның төрағасы Шухрат Рузметов, Ташенев университетінің Әлем тілдері институтының директоры Ботабаева Жанна Нуралиевна табыстады.

Барлық жас жеңімпаздарымыз Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығы төрағасының қамқорлығымен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға қатысқан барлық жастардың шығармашылық белсенділігі мен ғылыми әлеуеті бағаланып, олар үшін жаңа шығармашылық және академиялық мүмкіндіктер ашылды. Өз кезегінде, жастарға материалдық және моральдық қолдау көрсетіп келе жатқан қауымдастық мүшелеріне, атап айтқанда Абдулла Исматуллаевқа үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.