TASHENEV UNIVERSITY BRAND SHOP АШЫЛДЫ
background

TASHENEV UNIVERSITY BRAND SHOP АШЫЛДЫ

2025-12-13

Медиатека / Жаңалықтар / TASHENEV UNIVERSITY BRAND SHOP АШЫЛДЫ

Tashenev University-де университеттің имидждік өнімдер дүкені – Brand Shop өз жұмысын бастады 🎓
Енді сіздер университет рухын айқындайтын сапалы әрі стильді сувенирлік өнімдерді бір жерден таба аласыздар. Дүкен сөрелерінде:
• блокноттар
• худилер мен толстовкалар
• кепкалар
• брендтелген бокстар
• және басқа да имидждік тауарлар ұсынылған
Басты ерекшелік — өнімдердің негізгі бөлігі университеттің өз базасында, жеке типографиясында дайындалады. Бұл сапаға, дизайнға және мазмұнға толық бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жеке және корпоративтік тапсырыстарды қабылдаймыз: факультетке, іс-шараға, серіктестерге немесе арнайы жобаларға арналған бірегей дизайндағы брендтелген өнімдер әзірлеуге дайынбыз.
Tashenev University — бұл тек білім ордасы ғана емес,
бірегей стиль, ортақ рух және заманауи мәдениет.
📍 Brand Shop – университет аумағында
📩 Жеке тапсырыстар бойынша хабарласыңыздар @tashenev_brand_shop