Ғылыммен сусындаған күн
background

Ғылыммен сусындаған күн

2025-11-28

Медиатека / Жаңалықтар / Ғылыммен сусындаған күн

Жумабек Ахметұлы Ташенев атындағы Университеттің зерттеушілер тобы ғылым әлеміне терең бойлаған ерекше күнді бастан өткерді. «Интеграция цифровых технологий и геймификация в обучении иностранным языкам на основе искусственного интеллекта» (AP26197519) атты ғылыми гранттық жоба аясында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырып отырған 2025–2027 жылдарға арналған зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Осы жобаның жетекшісі Артыкбаева Ф.И., ғылыми қызметкерлер Мирзахмедова Ж.Ж. және Тұрсынова Г.И. 25 қараша 2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ В ОБРАЗОВАНИИ: ВОЗМОЖНОСТИ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ» атты 80-ші ғылыми конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл конференция — жасанды интеллект технологияларының білім беру саласына енуі, олардың мүмкіндіктері мен болашақтағы даму жолдарын талқылауға арналған беделді ғылыми алаң. Зерттеушілеріміз озық идеялармен алмасып, өз жобасының бағыттарына қатысты заманауи көзқарастарды тыңдап, жаңа ғылыми ынтымақтастық орнатудың мүмкіндіктерін қарастырды.

Ғылыммен сусындаған бұл күн команданың кәсіби дамуына тың серпін беріп, ғылыми ізденістің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Осындай кездесулер жасанды интеллект негізіндегі білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жаңа ойлар мен бастамалардың тууына себеп болары сөзсіз.