«Компьютерлік желілер» пәнінен сабақ өтті
background

«Компьютерлік желілер» пәнінен сабақ өтті

2025-11-05

Медиатека / Жаңалықтар / «Компьютерлік желілер» пәнінен сабақ өтті

Оқытушы: Изханова Ботагөз Егембердиевна

Тақырып: Желілік технологиялар

Сабақтың мақсаты – студенттерге желілік технологиялардың негізгі түрлерін, олардың жұмыс істеу қағидаларын және қазіргі заманғы ақпараттық инфрақұрылымдағы маңызын түсіндіру.

Сабақ барысында оқытушы теориялық материалды практикалық мысалдармен ұштастырып түсіндірді. Студенттер белсенді түрде қатысып, желілердің құрылымы мен протоколдарын талқылады, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

Оқытушы заманауи желілік архитектуралар, протоколдар және мәліметтерді тасымалдау әдістері бойынша теориялық мәліметтерді түсіндірді.
Сабақ барысында студенттер топтық және жеке тапсырмалар орындап, компьютерлік желілерді құру және баптау бойынша практикалық дағдыларын дамытты.
Студенттер желі қауіпсіздігі мен ақпарат алмасудың тиімді жолдарын талқылады.
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырды.