АСЫЛБЕКҚЫЗЫ АЯУЛЫМ — «SHYMKENT CUP TAEKWONDO 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ 1-ОРЫН ИЕГЕРІ
background

АСЫЛБЕКҚЫЗЫ АЯУЛЫМ — «SHYMKENT CUP TAEKWONDO 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ 1-ОРЫН ИЕГЕРІ

2025-10-13

Медиатека / Жаңалықтар / АСЫЛБЕКҚЫЗЫ АЯУЛЫМ — «SHYMKENT CUP TAEKWONDO 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ 1-ОРЫН ИЕГЕРІ

Tashenev University 1-курс студенті, «Дене шынықтыру және спорт (IP)» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Асылбекқызы Аяулым «Shymkent Cup Taekwondo 2025» республикалық турнирінде 1-орынға ие болды. Жарыс жас спортшылар арасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, елдің түкпір-түкпірінен келген үздік таэквондошылардың басын қосты. Аяулым өзінің табандылығы мен дайындықтағы еңбегінің арқасында жеңіске жетті. «Бұл жеңіс мен үшін үлкен шабыт. Алдағы уақытта халықаралық деңгейде де ел намысын абыроймен қорғағым келеді. Маған үнемі қолдау көрсететін ұстаздарыма және университетіме алғыс айтамын», – дейді Аяулым Асылбекқызы. Tashenev University басшылығы студентті жоғары жетістігімен құттықтап, спорттағы табысты жолының жалғасын тіледі.