«Conversation Club»
background

«Conversation Club»

2025-10-10

Медиатека / Жаңалықтар / «Conversation Club»

2024 жылдың 15 қазанында Магистранттар арасында асыға күткен әрі сүйікті Conversation Club Ташенев Университеттің базасында ашылды! Университеттің қолдауымен студенттерге Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқытушысы, ағылшын тіл тасушысы Javans Ochieng-пен интеллектуалдық сұхбатта өздерін көрсетуге ерекше мүмкіндік берілді. «Келешектегі мамандықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге 7М01301 – «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» беру бағдарламасының магистранттары қатысты. Сұхбат барысында магистранттар таңдап алған мамандықтарының перспективалары мен артықшылықтарын белсенді талқылап, қызықты идеялармен алмасты, ағылшын тілінде еркін әрі сауатты түрде сөйлеуді үйренді. Магистраттар үшін ең есте қаларлығы – пікірталасу.  Магистранттар өз сөздерін дәлелдеп, қарсыластарының пікірлерін тыңдаудағы дағдыларын көрсетті.  бірінші орын үшін бәсекелесіп, өз таланттары мен қабілеттерін максималды түрде көрсетуге тырысты. Магистранттарды алда тағы да көптеген ұмытылмас сәттер мен ораторлық шаралар күтіп тұр.