Жұмыс берушілермен кездесу өтті
background

Жұмыс берушілермен кездесу өтті

2025-09-20

Медиатека / Жаңалықтар / Жұмыс берушілермен кездесу өтті

15.09.2025 ж. күні оқу мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы №14 Айбек атындағы жалпы орта білім беретін мектеп өкілдерімен кездесуді ұйымдастырды. Кездесуге кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Іс-шара барысында еңбек нарығындағы өзгерістер, түлектерге қойылатын заманауи талаптар, дуалды оқыту жүйесін дамыту, өндірістік тәжірибенің тиімді ұйымдастырылуы және жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу жұмыс берушілер мен кафедра арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқу процесін практикалық бағытта жаңғыртуға жол ашты. Қатысушылар бірлесе атқарылатын жобалар мен келісімшарттар аясында болашақ мамандарды сапалы даярлау мәселелеріне баса назар аударды.

Мұндай кездесулер кафедра мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты одан әрі тереңдетіп, еңбек нарығына сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.