Әдістемелік семинар өтті
background

Әдістемелік семинар өтті

2025-09-17

Медиатека / Жаңалықтар / Әдістемелік семинар өтті

08.09.2025ж. күні Ж.А. Тәшенев университетінің 7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасының МФИ-24-1к тобының магистранты Нұрланқызы Нұрлының ұйымдастыруымен «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәні бойынша әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты – болашақ қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік біліктілігін арттыру, оқытудағы заманауи тәсілдерді меңгерту және тәжірибе алмасу.

Семинар барысында қатысушылар қазақ тілі сабағында қолданылатын инновациялық әдістер, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары, сондай-ақ оқу үдерісінде кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Нұрланқызы Нұрлы тыңдаушылармен белсенді түрде пікір алмасып, нақты мысалдар мен практикалық тапсырмалар арқылы тақырыпты жан-жақты ашып көрсетті.

Іс-шараға магистранттар мен студенттер қатысып, кәсіби тұрғыда пайдалы мағлұматтар алды. Қатысушылар семинардың мазмұнына жоғары баға берді.