
Магистранттармен кездесу
02.09.2025 ж. күні Ж.А.Тәшенев атындағы университет жанындағы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ж.Д. Абдуллаева және кафедра меңгерушілері магистранттармен кездесіп, мазмұнды әңгіме өрбітті. Кездесу барысында магистратура деңгейіндегі білім сапасы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, диссертациялық жұмыстарға қойылатын талаптар және академиялық адалдық мәселелері талқыланды.
Бөлім басшысы магистранттарға оқу үрдісіндегі өзекті өзгерістер мен жаңалықтар туралы ақпарат беріп, оларды белсенді болуға, ғылыми ізденістерге ынталы болуға шақырды. Сонымен қатар, магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесу еркін форматта өтіп, екіжақты тиімді диалог орнады. Магистранттар мұндай кездесулердің жиі ұйымдастырылып тұруы маңызды екенін атап өтті.