
ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
2025-09-12
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетпен қалалық Жастар Ресурстық орталығымен бірлесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын талқылауға арналған студенттермен кездесуді өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарға Жолдауда көтерілген қаржылық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік алаяқтықтың алдын алу, заң мен тәртіп қағидаларының мәнін түсіндіру болды. Шараның модераторы – университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын жастар тәрбиесінің идеологиялық маңызына тоқталып, студенттерді заңды құрметтеуге, жауапкершілік пен отансүйгіштікке шақырды. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері мен сала мамандары қатысты: • Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі – студенттерге қаржылық сауаттылықтың (лудомания, қаржы перамидалар т.б.) өмірде алатын орнын түсіндірді; • Садыков Ғабит Мұхамеджанұлы, Шымкент қалалық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция полковнигі – жастар арасында буллинг, бопсалау, наркозакладка және интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу жолдарын атап өтті; • Маймақов Айболат Тілеубайұлы, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі – жастардың патриоттығы мен жасампаздығы елдің жарқын болашағының кепілі екенін айтты; • Асанова Салтанат Сайлауқызы, PhD доктор, доцент, психолог – жағымды орта қалыптастырудың маңызына тоқталып, психологиялық тұрғыдан кеңес берді. Сонымен қатар, кездесуге құрметті қонақтар – Адильбеков Бахытжан Сатыбалдиевич және Ережеп Дінмұхамед қатысты. Жастар белсенді түрде сұрақтар қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды. 👉 Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, Президент Жолдауын жүзеге асыру жолында жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.