«Кітап оқитын ұлт»: жазушы Момбек Әбдәкімұлымен тағылымды сұхбат
2026-11-20
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: ЖАЗУШЫ МОМБЕК ӘБДӘКІМҰЛЫМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ СҰХБАТ
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында университет телестудиясында белгілі жазушы, өлкетанушы Момбек Әбдәкімұлымен мазмұнды сұхбат өтті.
Кездесу барысында Түркістан өлкесінің тарихындағы қасіретті кезеңдер, соның ішінде ойран-зобалаң, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар өлкетану, тарихи мұраны сақтау және ұлттық сананы жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сұхбатта Шымкент қаласының тарихы, туған өлкенің өткені мен бүгіні, тарихи жадының қоғам өміріндегі орны туралы тағылымды ойлар айтылды.
Тарихты білу – өткен оқиғаларды еске алу ғана емес, ұлттың рухани тамырын тану, тарихи сабақтастықты сақтау және келешек ұрпаққа құнды мұра қалдыру.
Әсіресе, бүгінгі жастар үшін тарихи шындықты зерделеу, туған жердің шежіресін білу және кітап оқу арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың маңызы зор.
Кездесу барысында жазушы оқырманды терең ойға жетелейтін, тарихи оқиғаларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін мазмұнды пікірлерімен бөлісті.
Сұхбат жүргізген: Жантасова Зылиха Тұрарқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – кітап оқуды насихаттаумен қатар, ұлттық тарихи жадыны жаңғыртуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Сұхбаттың толық бейнежазбасы
Жазушы Момбек Әбдәкімұлымен өткен тағылымды сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы толық көре аласыздар.