Тәшенев университетінің студенті – Нұрсұлтан Назарбаев қоры шәкіртақысының иегері
background

Тәшенев университетінің студенті – Нұрсұлтан Назарбаев қоры шәкіртақысының иегері

Медиатека / Жаңалықтар / Тәшенев университетінің студенті – Нұрсұлтан Назарбаев қоры шәкіртақысының иегері

Тәшенев университетінің студенті – Нұрсұлтан Назарбаев қоры шәкіртақысының иегері!

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Химия және биология» кафедрасының 3-курс студенті Жанна Үсенқызы Нұрсұлтан Назарбаев қорының 2026–2027 оқу жылына арналған студенттік шәкіртақысы байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінді.

Бұл – студентіміздің білімге деген ұмтылысы, ізденімпаздығы, табандылығы мен қажырлы еңбегінің лайықты бағалануы.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының студенттік шәкіртақысы – жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алып жүрген дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға бағытталған бастамалардың бірі. Мұндай байқаулар студенттердің академиялық жетістіктерін ынталандырып, олардың ғылымға, шығармашылыққа және қоғамдық қызметке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Шәкіртақы иегерлері қалай анықталады?

Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде жоғары оқу орындары үздік студенттерді іріктеп, олардың кандидатураларын республикалық конкурсқа ұсынады.

Екінші кезеңде Қор жанындағы арнайы конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарын жан-жақты қарастырып, қорытынды шешім қабылдайды.

Іріктеу барысында үміткерлердің:

🔹 академиялық үлгерімі мен оқу жетістіктері;
🔹 ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы;
🔹 қоғамдық және университет өміріндегі белсенділігі;
🔹 ғылыми жарияланымдары, конференцияларға қатысуы, олимпиадалар мен түрлі байқаулардағы жетістіктері ескеріледі.

Шәкіртақы жеңімпаздарға бір оқу жылы бойы ай сайын төленеді және мемлекеттік шәкіртақыға қосымша беріледі.

Жаннаның бұл жетістігі – оның білімге жауапкершілікпен қарауының, ізденімпаздығы мен табанды еңбегінің нәтижесі.

Университет ұжымы студентімізді лайықты марапатымен құттықтап, алдағы оқуында, ғылыми ізденістерінде және кәсіби қалыптасу жолында толағай табыстар тілейді!

Студенттеріміздің жетістігі – университет мақтанышы!