Шетел тілдерін оқыту мәселелеріне арналған қонақ дәріс
2026-11-10
Медиатека / Жаңалықтар / Шетел тілдерін оқыту мәселелеріне арналған қонақ дәріс
Шетел тілдерін оқыту мәселелеріне арналған қонақ дәріс
2026 жылғы 10 қарашада Әлем тілдері кафедрасы Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессоры Александр Владимирович Пузырёвтің қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараға «7М01702 – Екі шетел тілі педагогтерін даярлау», «6В01702 – Шетел тілі мұғалімдерін даярлау: екі шетел тілі» және «6В01707 – Шетел тілдері (IP)» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.
Қонақ дәріс білім алушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, академиялық білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ филология және шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы жетекші маманның ғылыми-педагогикалық тәжірибесімен танысуына мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.






