«РАБАТ» газетінде Тәшенев университеті сарапшыларының сән трендтері туралы пікірі жарияланды
БОЛАШАҚ СӘНІ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ 2026–2027 ЖЫЛДАРДАҒЫ КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ
«РАБАТ» газетінде 2026–2027 жылдардағы күз-қыс маусымының негізгі үрдістеріне арналған мақала жарияланды. Материалда заманауи сән индустриясының өзекті бағыттары, соның ішінде силуэттік шешімдер, түстер палитрасы, фактуралар мен материалдар, сондай-ақ ұлттық нақыштарды қазіргі сән талаптарына сай жаңаша түсіндіру мәселелері қарастырылған.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің «Дизайн және сән» кафедрасының оқытушылары сарапшы ретінде қатысып, сән индустриясының даму бағыттары жөніндегі кәсіби көзқарастарымен бөлісті. Олар өзекті үрдістерге талдау жасап, заманауи киім эстетикасын қалыптастырудағы ұлттық мәдени мұраның рөлін атап өтті.
Дәстүр мен инновацияның өзара сабақтастығына, жаңа көркемдік шешімдерді іздеуге, сондай-ақ заманауи костюм дизайнындағы даралықтың, функционалдылық пен эстетикалық мәнерліліктің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сән — уақыттың көрінісі ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, мәдени диалогке және жаңа эстетикалық бағдарларды қалыптастыруға арналған кеңістік.
«РАБАТ» газетінің редакциясына жемісті ынтымақтастығы, кәсіби қауымдастыққа көрсеткен назары және университет оқытушыларының сараптамалық пікірін басылым бетінде ұсынуға мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.



