«СӨЖ-ді тексеруге арналған чат-боттарды құру» тақырыбында семинар өтті
background

«СӨЖ-ді тексеруге арналған чат-боттарды құру» тақырыбында семинар өтті

2026-10-21

Медиатека / Жаңалықтар / «СӨЖ-ді тексеруге арналған чат-боттарды құру» тақырыбында семинар өтті

«СӨЖ-ді тексеруге арналған чат-боттарды құру» тақырыбында семинар өтті  

     

Лектор: магистр, аға оқытушы Халметова Шохноза Абдулакимовна

 

2026 жылғы 15 қазанда Халметова Шохноза Абдулакимовна «СӨЖ-ді тексеруге арналған чат-боттарды құру» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты - білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) тексеруді автоматтандыру және чат-боттарды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын қарастыру болды.

Семинар барысында СӨЖ-ді тексеруге арналған чат-боттарды құру ерекшеліктері, олардың жұмыс істеу қағидалары және білім алушылардың тапсырмаларын бағалау үдерісінде қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар чат-боттарды пайдалану арқылы тапсырмаларды тексеру уақытын қысқарту, бағалау сапасын арттыру және оқытушылардың жұмысын жеңілдету жолдарымен танысты. 

Семинар интерактивті форматта, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, чат-боттарды білім беру саласында қолданудың практикалық маңызын талқылады. Семинардың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға сәйкес келіп, цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу бойынша білім мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.