Әр тіл — бір әлем!
2026-09-11
Медиатека / Жаңалықтар / Әр тіл — бір әлем!
Әр тіл — бір әлем!
Бүгін Тілдер күні мерекесіне орай кафедрамыздың «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» БББ студенттерінің ұйымдастыруымен «Әр тіл — бір әлем» атты мазмұнды да әсерлі шара өтті.
Мерекелік шараға 2-курс студенттерімен қатар 1-курс білімгерлері де белсене қатысып, ерекше көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында әр тілдің халықтарды жақындастырудағы, мәдениеттерді байланыстырудағы рөлі ерекше аталып өтті.
«Тіл білген — ел біледі, тіл үйренген — дүниені аңғарады» демекші, бұл күн қатысушылардың жүрегінде ерекше жылы естеліктер қалдырды.
Куратор: Наралиева Ш.Д.


