Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының 2-курс білім алушылары педагогикалық-психологиялық практикасынан өтті
2026-02-02
6В01302 – Бастауыш білім беру (IP) және 6В01202 – Мектепке дейінгі білім беру (IP) білім беру бағдарламаларының 2-курс білім алушылары педагогикалық-психологиялық практикадан өту үшін төменде көрсетілген практика базаларына жіберілді.
Практика Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, студенттерге оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерімен танысуға, педагогтардың сабақ өткізу тәжірибесін бақылауға және теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік берілді.
Практика базалары:
№38 Н. Ондасынов атындағы мектеп-гимназиясы
№52 жалпы орта білім беретін мектеп
№129 жалпы орта білім беретін мектеп (Шымкент қ.)
№76 Р. Мырзашев атындағы негізгі орта мектеп
№65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы
№40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназиясы
«Жас түлек» бастауыш мектебі
№128 жалпы орта мектеп
№50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы
№17 Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Жас-Дарын-5» мектебі
№62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Практика барысында білім алушылар мектептердің оқу жүйесімен танысып, сабақтарға қатысып, педагогикалық бақылау жүргізді және оқушылармен жұмыс істеудің алғашқы тәжірибесін жинақтады. Бұл тәжірибе болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және олардың педагогикалық-психологиялық дайындығын арттыруға ықпал етті.

