2026 жылдың 22–30 сәуір аралығында «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Алшымбаева Сәуле Нағашбекқызы Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университетімен
2026-05-04
2026 жылдың 22–30 сәуір аралығында «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Алшымбаева Сәуле Нағашбекқызы Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университетімен жасалған екіжақты ынтымақтастық келісімшарты негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді. Аталған бағдарлама шеңберінде «Технология пәнінің мұғалімі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Материалдарды көркемдеп өңдеу» пәні бойынша дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыра отырып, материалдарды өңдеудің заманауи тәсілдері, олардың көркемдік ерекшеліктері мен қолданылу аясы түсіндіріліп және практикалық сабақтарда студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі оқыту әдістері қолданылды. Аталған академиялық ұтқырлық бағдарламасы тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілікті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

