Халықаралық бизнес және менеджмент
background

“Халықаралық бизнес және менеджмент”

Кафедрасы
Басты бет / Кафедралар / Халықаралық бизнес және менеджмент
Біз туралы

Тәшенев университетінің «Халықаралық бизнес және менеджмент» кафедрасы — Орталық Азия аймағындағы бизнес-көшбасшылар мен ақпараттық жүйелер саласының жоғары білікті мамандарын даярлайтын жетекші оқу ордасы. Бұл кафедра — басқарушылық лауазымдарда, кәсіпкерлік қызметте немесе бизнеске қатысты ғылыми-зерттеу бағытында табысты әрі динамикалық мансап қалыптастыруды көздейтін студенттер үшін өңірдегі ең үздік бизнес-мектептердің бірі болып табылады. Кафедра өзінің жоғары халықаралық деңгейдегі профессор-оқытушылар құрамымен және кең корпоративтік әріптестік желісімен кеңінен танымал.

Кафедраның миссиясы — әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын қатаң сақтай отырып, әлемдік нарықтың үнемі өзгеріп отырған жағдайда және бизнес ортаның жоғары бәсекелістігі жағдайында, күрделі стратегиялық және басқарушылық міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті басшылар мен бизнес-көшбасшыларды дайындау.

Білім беру бағдарламалары:

            1.         Іскерлік әкімшілік

            2.         IT-менеджмент

            3.         Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары

Кафедра оқытушылары

1.      Жантасова Дина Мұратқанқызы

2.      Батырбек  Назерке Батырбекқызы

3.      Сапанова Маржан Сайполлақызы

4.      Рахметуллақызы Айсұлу

5.      Мәулімсейіт Дана Болатбекқызы

6.      Фаизова Эльмира Ричардовна

7.      Арипханова Хамида Букейхановна

8.      Нышанбаева Жанар Усербаевна

9.      Жолтаева Айбаршын Сержанқызы

10.  Альжанова Айгуль Алибековна

11.  Толыкбай Алмас Умирбекович

12.  Умарова Жанат Рысбаевна

«Іскерлік әкімшілік» бағдарламасының мақсаты — студенттерге Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі бизнес және мемлекеттік басқару салаларында жетекші рөлдерді атқаруға қажетті кәсіби және көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру. Бағдарламада көшбасшылық қасиеттерді практикалық тұрғыда дамытуға және профессор-оқытушы басшылығымен кәсіби тәжірибе өтуіне ерекше көңіл бөлінеді.

«IT-менеджмент» бакалавриат бағдарламасы — студенттерді әлемдік деңгейдегі корпорациялар қолданатын инновациялық құралдар, операциялық модельдер және бизнес-стратегиялармен терең таныстырады. Бұл бағдарламаны меңгерген түлектер инновациялық мәдениетті қалыптастырып, оны басқаруға дайын болады. Бағдарлама аясында өнімді жобалау мен дамытудың прототиптеу және эксперимент жүргізу әдістері зерттеледі.

Бағдарламаның аяқталуында студенттер бизнес-операциялар мен қаржылық есептілікті дайындау үшін қажетті деректерді жинау, өңдеу әдістерін меңгеріп, қаржылық талдау жүргізу және компания ресурстарын тиімді бөлу қабілетін иеленеді.

Оқу бағдарламасының негізгі мақсаты — менеджмент, операциялық басқару және ақпараттық жүйелер саласында негізгі кәсіби дағдыларды қалыптастыру.

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары» бакалавриат бағдарламасы студенттерге ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу және ақпараттық жүйелерді басқару саласындағы базалық және ілгерілеген білім мен практикалық дағдыларды береді. Сонымен қатар, түлектер экономика, қаржы, менеджмент және маркетинг салаларындағы негізгі теориялық білімдермен де толық қамтамасыз етіледі.

 

Кафедраның барлық бағдарламаларын сәтті аяқтаған түлектердің қабілеттері:

            1.         Ағылшын тілінде кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша іскерлік коммуникация жүргізу;

            2.         Математикалық және статистикалық талдау әдістерін, заманауи ақпараттық технологияларды бизнес-процестер мен жобаларды басқаруда қолдану;

            3.         Менеджмент, маркетинг, операциялық басқару және кәсіпкерлік құқық салаларында теориялық білімді меңгеріп, оны нақты басқарушылық міндеттерді шешуде тиімді пайдалану;

            4.         Ұйымның ақпараттық жүйесін жобалау, деректер базасын құру және басқару;

            5.         Деректерді — соның ішінде үлкен деректерді (big data) — сақтау, өңдеу үшін ақпараттық жүйелер мен ішкі жүйелерді әзірлеу;

            6.         Компания немесе ұйымның қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және бейімдеу;

            7.         Локалды және желілік деңгейдегі ақпараттық жүйені қамтамасыз ететін заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендерді тиімді қолдану;

            8.         Басқарушылық мәселелерді терең талдау, шешім қабылдаудың әртүрлі тәсілдерін қарастыру, кадрларды басқару, және ұйымның әртүрлі мүдделі тараптарымен тиімді қарым-қатынас орната білу;

            9.         Теориялық білімді практикалық іс-әрекетке асыра отырып, бақылаулы практикалық сабақтар, тәуелсіз зерттеулер және жеке басқарушылық жобаларды жүзеге асыру қабілеті.

photo
Кафедра меңгерушісі
Жантасова Дина Муратхановна
Материалдық-техникалық базасы