Tashenev
background

Баскетбол үйірмесі

Баскетбол үйірмесі

Баскетбол 1

«Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Баскетбол үйірмесі» жұмыс жасап келеді. Жетекшісі – ғылым магистрі, аға оқытушы Муталиев Бекарыс Тұрдықұлұлы. Үйірменің жылдық жоспары бекітілген, үйірмеге 105 білім алушы қатысады. Білім алушылар баскетбол ойынының ережелерімен, баскетбол ойнау дағдылары арқылы жаттығулармен, эстетикалық мәдениетті дұрыс қалыптастырумен және дұрыс тыныс алу ережелерімен танысып, қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта білім алушылар мен университеттер арасындағы жарыстарда үйірме мүшелері жүлделі орындарға ие болып, университетіміздің атын шығарып жүр.