«Эстрадалық вокалдың негізі мен ерекшелігі» практикалық ашық сабақ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының   оқытушысы Хашимханова Диана Равильевнаның  10.12.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен «Дауыс қою» пәнінен «Эстрадалық вокалдың негізі мен ерекшелігі» тақырыбы бойынша   практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабақ өте жоғары деңгейде,талапқа сай жүргізілді.Тақырыпты ашу барысында оқытушы студенттерге эстрадалық вокал — бұл көптеген ән бағыттарының бірігуі және ол әртүрлі музыкалық жанрларды біріктіреді деп түсіндіре келе  эстрадалық әндердің музыкалық формасы әдетте куплетті болатынын,олардың үйлесімді формасы   мотиві  жайлы  баяндап,әрбір дыбыска ерекше тоқталып,оның әнді орындау барысындағы атқаратын маңыздылығы мен рольін жеке-жеке талдап көрсете білді.Студенттер үшін бұл тақырып өте қызықты әрі түсінікті болды.Сабақ барысында бірнеше дауыс жаттығулары қолданылды.Студенттермен бірге әндер орындалып,сол әндердің дыбысталу вокалдық ерекшеліктерін нақты көрсетіп түсіндіре  білді. Сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.

Оқиға категориялары