"Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

11 ақпанда "Сырдария" университетінде "Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Мақсаты – Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған боздақтардың есімдерін халық жадында мәңгілік қалдыру және Ауған соғысы ардагерлерін халқымызға, оның ішінде жастарға насихаттап, егемен еліміздің жас ұрпағы алдыңғы ағалар жолының ерлік шежіресімен таныстыру, оларды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу болып табылады.

Кездесу кешіне келген Ауған соғысының ардагерлері Бақтыбаев Жомарт, Шалатаев Оразбек, Мырзалив Мұхамед, Ибрагимов Алмасхан, Базарбаев Ерғали соғыс кезіндегі естеліктермен сыр шертті. Кеш барысында Жастар бөлімінің маманы Ермекбай Ермахан баяндама оқып, "Музыка" мамандығының студенттері Бекахмет Мұхамметәли "Атамекен", Мықтыбек Бекбосын "Қазақстан" әндерін орындады. Студент-жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына ардагерлер тарапынан тұщымды жауап алды. Кеш соңында "Сыр сандық" студенттік-жастар театрының жетекшісі Е.Ермекбай ауған соғысы ардагерлеріне арнауын оқыды және Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нұрбек Мұратбек ардагерлерге алғысын білдірді.