Жыр мүшайрасы болып өтті

Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, 2021 жылдың 29 қазаны күні «Жетісай» қаласының «Абай гүлзарында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жастар тәуелсіздікті жырлайды» атты жыр мүшайрасы болып өтті. 
Іс-шараға «Сырдария» университетінен «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Студенттердің тәуелсіздікке, туған жерге байланысты орындаған керемет ән, өлең-шумақтары көрермен-тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырды. Студентіміз Тілес Бек Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Мен Қазақ" атты керемет өлеңін оқығанда жиналған жұрт ұйып тыңдады. Сондай-ақ, өз шығармашылығы арқылы студентіміз Қалдыбек Жаңыл "Тәуелсіздік" өлеңін оқып, тәуелсіз елін қадірлеп, тарихымызға құрметпен қарайтындығын көрсетті.
Іс-шара барысында ел тәуелсіздігі оңайлықпен келмегендігі, айырықша еңбегі сіңген адамдардың есімдерімен байланысты екендігі ерекше айтылды. Жыр мүшайрасы жастарды әрқашан өз тарихын ұмытпауға, қасиеттеп-қастерлеуге үгіттеді. 
Іс-шара соңында халықты өлеңдерімен тәнті еткен студенттер мүшайраға белсене қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Мұратбек НҰРБЕК
 

Теги: